АҚШ-тың сыртқы саясаты Таяу шығыс елдерін, доллардан бас тартуға итермелеп жатыр, деп хабарлайды Kazaknews.kz Ақпараттық агенттігі DW агенттігіне сілтеме жасап.
21 мамырда Ирак билігі жеке және іскерлік сипаттағы кез келген мәміле бойынша есеп айырысуда долларды пайдалануға тыйым салынғанын хабарлады. Себебі АҚШ бірнеше ай бойы Ирактың көршісі Иранға қағаз ақшаның контрабандасынан қорқып, қолма-қол ақшаның кіруін шектеуге тырысты. Мұндай шектеулердің нәтижесі долларға деген сұраныстың күрт өсуі, содан кейін бейресми нарықтағы динар бағамының күрт ауытқуына себеп болды. Осылайша Иракта АҚШ долларына тыйым салынды.
Негізі Ирак бұған дейін де долларға тәуелділікті азайтқысы келген. Олар, Қытайға, мұнайдың бір бөлігін юаньмен сатуды ойластырған.
Дәл осылай Сауд Аравиясыда ойланған. Олар мұнайды төлемнің бір бөлігін юань және еуромен де қабылдауға «ашық» екендіктерін мәлімдеді. Ал, БАӘ Үндістанмен үнді рупиі арқылы сауда жасайтындығын хабарлаған.
Бұдан бөлек Мысыр, Сауд Аравиясы, БАӘ, Алжир және Бахрейн, BRICS елдері (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африка елдері) сауда есептеулері үшін жаңа ортақ валюта құру мүмкіндігі туралы пікірталасқа қосылғысы келетінін айтуда.
Bloomberg агенттігінің мәліметінше қазір АҚШ доллары әлемдік валюта резервінің 58 пайызын құрайды. Бұл көрсеткіш 2001 жылы 73%, ал 1970 жылдардың аяғында 85% болған.