«Коммерсант» («Ъ») газетінде жарияланған ақпаратта 31 желтоқсан Сирияның Латакия провинциясында орналасқан Хмеймим әуе базасында күрделі оқиға болғаны белгілі болды. Ресейлік әскерилер екі жылдан астам уақыт бойы әуе операцияларын жүргізу үшін пайдаланып келген базаға шабуыл жасалды.
Ъ» ақпаратына сәйкес, дәл сол күні әуе базасы радикал исламшылар тарапынан шабуылға ұшырап, нәтижесінде, Су-24 төрт майдан соққы бергіші, Су-35С екі көп мақсатты жойғышы, Ан-72 әскери-көліктік ұшағының көзі жойылған.
Хмеймим провинциясындағы жағдай «Ъ» басылымына екі әскери-дипломатиялық көздің деректерінен белгілі болған. Жоғарыда көрсетілген деректерден өзге келтірілген дереккөздердің ресми емес мәліметтеріне сәйкес, оннан аса әскери қызметкер зардап шеккен болуы мүмкін. Ресей Қорғаныс министрлігі аталған жағдайға қатысты пікір білдірмеді: әскерилер болса, сол күні ресейлік Ми-24 тікұшағына отырған екі ұшқыштың қаза болғанын растады. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, тікұшақтың құлауына атыс-шабыс әрекетінің салдары емес, техникалық ақау әсер еткен. Хмеймимдегі оқиға – Ресейдің Сирияда операция жүргізу барысында болған күрделі жағдайдың бірі.
«Ъ» басылымының жазуынша, біріншіден, әскери және өзге де шығындар – науқан кезінде бірыңғай сипатта болған жоқ: ресейлік техниканың жаппай істен шығуы байқалмады. Екіншіден, 31 желтоқсанға дейін Ресей әуе қорғанысы Тартус пен Хмеймимде базалардың қауіпсіздік алаңдарының бұзылуына қатысты бір фактіге жол бермеген. Дегенмен, оқиға болған күні Әуе қорғанысы жүйесі іске аспаған. Айта кетерлігі, Ресей Қарулы Күштері Бас штабының басты жедел басқару бөлімінің басшысы Сергей Рудской Сирияда лаңкестерден босатылған аумақта «Ислам мемлекеті» жауынгерлерінен құралған жекелеген диверсиялық топтардың пайда болғанын жоққа шығарған жоқ.