Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Мысыр астанасы Каирге тұрақты әуе рейстерін қайта реттеу туралы жарлыққа қол қойды. Дегенмен, Араб республикасының өзге қалаларына коммерциялық рейстер жасауға әлі де тыйым салынған.
BBC-дің хабарлауынша, Ресей мен Каир арасында тұрақты әуе тасымалдарына рұқсат беретін құжатқа 2 қаңтарда қол қойылды. Сонымен қатар Путин жаңа заңға сәйкес, 2015 жылдың 8 қарашасындағы Мысырмен әуе хаттарын алмасуға тыйым салу туралы бұйрығына өзгерістер енгізді. Енді орыс әуе компаниялары Ресейден Каирге рейстерді қайта бастайды. Екі жыл бұрын Мысырдың басқа қалаларына әуе рейстерінің жүзеге асырылуына салынған тыйым әзірше күшінде қалды.
Еске салсақ, Ресей Мысырмен тікелей әуе хаттарын алмасуды 2015 жылдың 31 желтоқсанында тоқтатты, бұған ресейлік «Когалымавиа» әуе компаниясының Шарм-әл-Шейхтан Санкт-Петербургқа ұшын келе жатқан Airbus A321 ұшағы Синай түбегі көгінде апатқа ұшырауы себеп болды. Апат салдарынан бортта болған барлық 224 адам қаза тапты.
Болған апаттың жауапкершілігін «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымымен байланысы бар мысырлық топ мойнына алды. Ресей Федеральді Қауіпсіздік қызметінің басшысы Александр Бортников апатты лаңкестік әрекет деп атаған еді.