АҚШ Пәкістанға қаржылық көмек көрсетуді тоқтатты

0
189
дереккөзден

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Мемлекеттік департаменті Пәкістанға қауіпсіздік саласында қаржылық көмектін тоқтатылғанын хабарлады. Алайда көрсетілген көмек сомасы әзірге белгісіз.

Мемлекеттік департаменттің мәлімдеуінше, Пәкістан үкіметі мемлекет ішінде және оның сыртында лаңкестік топтармен күресте, атап айтқанда Талибанға қарсы күресте, тиісті қарсылық көрсетпеді. Бұл туалы Euronews агенттігі хабарлады.

Мемлекеттік департаменттің ресми өкілі Хизер Нойерт жеке твиттеріндегі жазбасында (Twitter) Пәкістан билігі талибан мен басқа да лаңкестік ұйымдарға қарсы тұруға шешуші шаралар қабылдамайынша, Америка тарапының мұны аймақтың тұрақсыздануына және америкалық азаматтардың қауіпсіздігіне зиян келтіретін фактор ретінде қарастыратынын, Пәкістанға осы салада (қорғаныс саласында-ред) қолдау мен қаржылай көмек көрсетуді тоқтататындарын мәлімдейді.

Бұған дейін АҚШ Пәкістанға лаңкестікке қарсы күрестегі ынтымақтастық аясында 255 млн доллар бөлген еді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз