«Элеанор» Францияға 200 млн еуро шығын әкелді

0
103

Франция билігі «Кармен» және «Элеанор» дауылдарынан келген шығын көлемін есептеді, деп хабарлайды РИА Новости.

Алдын ала берілген болжамдарға сәйкес, 2018 жылдың алғашқы аптасында соғылған дауыл ел қазынасына шамамен 200 млн еуро шығын әкелген. Дауыл қаупі әлі де сейілмегендіктен, бұл көрсеткіш өзгеруі мүмкін.

«Кармен» дауылының соңы «Элеанор» дауылына ұласып, толассыз жаңбыр жауғандықтан, Сена өзеніндегі су мөлшерінен үш метрге дейін асып кеткен.

Тасқын қаупіне байланысты Париж қаласында қауіптің сары түсі жарияланды. Табиғат апатының салдарынан ел аумағында 5 адам қаза тауып, 25 тұрғын түрлі деңгейде жарақат алды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз