Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Оңтүстік Кореямен қарым-қатынасты жақсарту үшін жағдай жасауды тапсырды. Бұл туралы РИА Новости Кореяның Орталық телегоаф агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Корей Орталық телеграф агенттігінің хабарлауынша, «Солтүстік пен Оңтүстік Кореяның болашағы өткенге байланысты болмауы керек. Солтүстік пен Оңтүстіктің арасындағы қарым-қатынасты жақсарту және қайта бірігу үшін серпіліс жасау қажет. Бұл Пхеньян мен Сеул арасындағы қарым-қатынасты қалпына келтіру ғана емес, сонымен қатар, ұлттың татуласуы мен бірігуі маңызды рөл атқарады», – делінген.
Аталған келісімге екі жақтың күш-жігері ынтасы берік болған жағдайда ғана қол жеткізуге болады. Сонымен қатар Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның айтуынша, екі елдің келісімі – корей халқының ішкі мәселесі. Сол себепті Пхеньян мен Сеул басқа елдерден көмек сұрамауы тиіс.
Еске сала кетейік, осыған дейін Оңтүстік Корея мен КХДР өкілдері ұзақ уақыт бойы екіжақты қарым-қатынасты арнайы арна арқылы талқыға салып келген болатын. Қазіргі таңда алғаш рет келісім сөздер жүргізу үшін шарт жасасты, соның ішінде Солтүстік Корея спортшыларының Пхенчхан қаласында өтетін Олимпиада ойындарына қатысу мүмкіндігін талқыға салу мәселесі қарастырылды.
Сондай-ақ, АҚШ президенті Дональд Трамп өз кезегінде Сеул мен Пхеньян арасыдағы диалогты қолдағанын мәлімдеп, алдағы уақытта Вашингтонның бұл процеске қосылатынын жоққа шығармады.