Еуропалық комиссия төрағасы Жан-Клод Юнкер Түркия журналистерді абақтыда ұстап отырғандықтан, Еуроодақ пен Түркия екіжақты қарым-қатынасында ешқандай қарқын болмайтынын алға тартты.
«Түркия Еуропаға деген амбицияларынан алыстап барады және ендігі айларда республиканың қандай қарқын жасайтынын көру қажет. Бірақ, журналистер Түркия түрмелеріне жабылғандықтан, әзірге ешқандай қарқын болмайды», – деп келтіреді Юнкердің сөзін BBC Türkçe.
Түркия журналистер ассоциациясы ұсынған мәліметтерге сәйкес, Түркияда шамамен 160 масс-медиа өкілі темір торға жабылған.
Бұған дейін де Түркия журналистер қауымдастығының төрағасы Торғай Олжайто билеуші және оппозициялық партияларға сөз бостандығы мен ондағы кедергілерді жоюға, абақтыға жабылған журналистерді босатуға және журналистиканы қылмыс ретінде қарауды тоқтатуға шақырған еді.