Италияда темір жол апатынан үш адам қаза тауып, жүзден аса адам жарақат алды, деп хабарлайды Еuronews.
Қалааралық бағыттағы пойыз таңғы уақытта релсьтен шығып кетіп, бірнеше құлаған вагондарды сүйреп, кейін тірекке барып соғылды. Пойзда шамамен 350 жолаушы болды. Қазіргі уақытта құтқарушылар жолаушыларды эвакуациялау операциясын аяқтады. Зардап шеккендердің барлығы дерлік жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді.
Роберто Фачинкани, San Raffaele ауруханасының өкілі:
«Бізге 10 адам келіп түсті. Екеуі ауыр халде жарақат алған науқастар, тағы екеуінің жағдайы орташа және тағы жеңіл жарақаттар алған 6 адам бар»
Апат Миланнан 20 шақырым қашықтықта болған. Итальяндық Кремон қаласынан Миланға қарай 100 шақырым жылдамдықпен жүріп келе жатқан жолаушылар пойызы Пиолтеллодағы теміржол вокзалының маңына құлап түсті.
Дарио Балотта, көлік инфрақұрылымын ырықтандыру жөніндегі қадағалау кеңесінің басшысы:
«Бұл жолмен күніне 200-ге жуық пойыз жүріп өтеді. Қазіргі уақытта апат салдарын тексеру мақсатында жолдар жабық. Жолды күнде дерлік тексеру үстінде. Сол себептен бұр ауыр апаттың себептерін нақты түсіндіру қиын»