АҚШ Ресейге қарсы санкцияларды кеңейтті

0
104
дереккөзден

АҚШ Қаржы министрлігі Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізді. Кеңейтілген тізімге 21 жеке тұлға мен 21 ресейлік ұйым енген.

BBC орыс редакциясы таратқан ақпарға сәйкес, Қырым аннексияланып, Донбасста әскери қақтығыстар басталғаннан бері АҚШ Ресейге қарсы санкцияларын (2014 жылдан бері ) кеңейтіп келеді.

Өткен жылы президент Дональд Трамп АҚШ жаңа санкциялар енгізуді көздейтін заңға қол қойды.

Америка қаржы министрлігінің сайтында жарияланған санкцияға ілккендер тізімінде миллиардер Алексей Мордашовтың «Силовые машины» компаниясы, «Ростех» құрамындағы «Технопромэкспорт» компаниясы да бар.

Тізімге сонымен қатар Doncoaltrade поляк компаниясы, ірі кеніштер мен өндірістерді біріктіретін «Внешноторгсервис» компаниясы, «Газ-Альянс», «Евро Полис» компаниялары енгізілген.

Бұдан өзге санкцияға түскен тізімге «Сургутнефтегазбен» байланысты 12 компания енген.

Ал санкцияға аты-жөндері енгізілген жеке тұлғалар қатарында Ресей энергетика министрінің орынбасары Андрей Черезов пен электр энергетикасы саласында операциялық бақылау және басқару департаментінің директоры Евгений Грабчак пен «Технопромэкспорт » жетекшісі Сергей Топор-Гилка бар.

29 қаңтарда америкалық «Кремль баяндамасы» жарияланады деп күтілуде. Аталған баяндама АҚШ-қа Ресей президенті Владимир Путинге тараптас шенеуніктер мен бизнес өкілдеріне санкция енгуге мүмкіндік береді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз