Дональд Трамп «Мемлекеттің жағдайы туралы» дәстүрлі жолдауымен тұңғыш рет қос палатасы алдында мәлімдеме жасайды. Euronews агенттігі АҚШ президентінің қай жайттарға баса назар аударатыны жайлы жорамал жасаған NBC журналисті Али Виталидің сөздерін келтіреді.
“Президент Дональд Трамп үшін үлкен маңызға ие күн: Вашингтонда «Мемлекеттің жағдайы туралы» жолдауымен алғаш рет сөз сөйлемек.
Президенттің не айтатыны туралы Ақ үй әзірге тіс жарар емес.
Бірінші кезекте, АҚШ президентінің сөзі оптимизмге толы болмақ. Трамп Американы сенімді, күшті әрі тәкаппар қырынан танытты. Бұл Американың әлемдік кеңістіктегі алатын орнын ғана емес, Дональд Трамптың Американы қалай көргісі келетінін білдіреді.
Екіншіден, Трамп қоспартиялық жүйе туралы сөз қозғайды деп күтілуде.
Жалпылай алғанда, Трамп қағаздағы мәтіннен еш ауытқымай, елдегі жағдайға қатысты өз көзқарасын көрсетеді“,
– деп келтіреді Euronews журналистің мәлімдемесін.