«ДАИШ»* террористік ұйымына қосылған жүздеген британиялық Түркияда жасырынуда, бұл ақпарат Батыс елдері барлау органдарының Еуропаға лаңкестік шабуыл жасалуы мүмкіндігі күдігін арттыруда.
Осы жылы Ракка және Мосул қала-аудандары басып алынғанда, мыңдаған жиһадшылар, солардың қатарындағы шамамен 300 британиялық Түркияға қашқан, деп келтіреді британиялық The times газеті.
Шетелдік жауынгерлердің тағдырын қадағалайтын батыс барлау агенттігі ісіне жауапты сирия-күрдтік барлаушы Циван Халилдің ойынша, көптеген британиялықтар Сириядан қашқан.
Ц. Халилдің айтуынша, мұндай жағдай Мосул алынып, «ДАИШ»* Раккадан қол үзгеннен кейін орын алған. «Біздегі түрмеде француздар және т.б ондаған өзге де ұлт өкілдері бар, бірақ біздің ойымызша, көптеген британиялықтар қашып шыққан», – дейді Ц. Халил.
Деректерге сәйкес, шамамен 850 британиялық «ДАИШ»* құрамына қосылып, олардың жартысы қайтып келген. Шамамен 130 адам қаза болғандар қатарында.
Дегенмен, кеше дабыл қаққан британ қауіпсіздік көздері жиһадшылардың шабуыл жасауға әлеуеті жететіндерін ескертті.
Дереккөздер Анкара және батыс елдері барлау агенттіктерінің қарым-қатынасы соңғы жылдары жақсарғанын алға тартты. Көптеген британиялықтар түрік шекараларының кесіп өтіп, «ДАИШ»* ұйымына қосылған.
Британ қауіпсіздік дереккөздерінің мәліметінше, Түркиядан байқаусыз шығып, Британияға оралу қиындау. Жиһадшылар Британияға оралса, MI5 (Ұлыбритания аумағындағы ішкі қауіпсіздік және барлау мәселелеріне жауапты басқарма агенттігі) және полиция тарапынан жауапқа алынып, олардың халифат үшін соғысқандары анықталса, сот жауапкершілігіне тартылады. Ұлыбритания билігі сонымен қатар экстремистерді анықтау үшін жасырын әдіс-тәсілдер қолданбақ. Америка барлау көздері, АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы және MI6 (АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік және шетелдегі барлау шешімдеріне жауапты басқарма агенттігі) «ДАИШ»* жауынгерлері кадрлық құрамын қадағалауды үйлестіреді деп мәлімдеді.
2015 жылдан бері Еуропада жасалған 40 шабуылдың үшеуі ғана Сирия мен Ирактан оралған шетелдік лаңкестермен байланысты болса да, бұл лаңкестік әрекеттер өлімнің көп орын алуына түткі болды.
Cабина Сайлаубай