86 жыл музей болған Айя Софияда 350 мың мұсылман жұма намазын оқыды

0
170
Түркияның Стамбул қаласындағы Айя София мешіті. Photo: centralasia.media

86 жыл музей болып, жақында мешіт статусы берілген Стамбулдағы көне тарихи орын – Айя Софияда 24 шілдеде 350 мың мұсылман жұма намазын оқыды. Бұл 1934 жылдан бері мешітте жасалған алғашқы ғибадат.

6 ғасырда Византия императоры Юстиниан І тұрғызған көне ескерткіштегі құлшылық жасау рәсіміне Түркия президенті Режеп Ердоған және оның діни-консервативтік көзқарастағы жақтастары қатысты. Ғимараттағы византиялық христиан мозаикалары құлшылық уақыты кезінде пердемен жабылды.

1453 жылы Осман империясы Константинопольды (қазіргі Стамбул) басып алғаннан кейін Айя София мешітке айналған. 1934 жылы қазіргі Түркия республикасының негізін қалаушы Мустафа Кемал Ататүрік оған музей статусын берген. Тарихи орын 900 жыл бойы – шіркеу, 500 жыл бойы мешіт болған.

Әлемдік мәдени мұра ретінде ЮНЕСКО тізімінде тұрған мәдени ескерткіш христиан мен мұсылмандарға ортақ тарихи жәдігер. Түркиядағы ең көрнекті орындардың бірі саналатын Айя Софияға 2019 жылы 3,7 млн турист барған. Ердоған оның туристер мен барлық дін өкілдеріне ашық болатынын айтқан.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз