Биыл 29 наурыздан бастап АҚШ-тың азаматтық және иммиграция жөніндегі қызметі (USCIS) Мәскеудегі кеңсесін біржола жабады. Бұл туралы мекеме ресми сайтында хабарлады. Жағлайлың басты себебін “жұмыс көлемі едәуір қысқарды” деп түсіндірген.
АҚШ иммиграциялық визасын алғысы келетіндер Мәскеудегі USCIS бөлімшесіне өтініштерін 28 ақпанға дейін ғана тапсыра алады. Бұған дейін USCIS кеңсесі атқарып келген кей қызмет түрлері енді АҚШ-тың Мәскеудегі елшілігіне өтпекші. Бірақ қандай қызмет түрлері екені ақпаратта айтылмаған.
Ресейліктер 29 наурыздан бастап АҚШ азаматтығы мен иммиграциялық визасын алу мәселесіне байланысты USCIS-тің Афинадағы (Грекия) бөлімшесіне өтініш бере алады деп хабарланды.
АҚШ ішкі қауіпсіздік департаменті құрамындағы USCIS мекемесі АҚШ-та тұрақты тұрғысы келетін азаматтарға түрлі қызмет көрсетумен, соның ішінде АҚШ-тан пана сұраған мигранттардың деректерін тексерумен де айналысады. Әлем бойынша USCIS мекемесінің 223 бөлімшесі жұмыс істейді.