АҚШ коалициясы Сирияға фосфор қолдану арқылы соққы берді

0
264
AFP 2018 / Amza Al-Ajweh

АҚШ бастаған халықаралық коалиция жасаған әуе соққысынан Сирия Араб Республикасындағы Хаджин қаласының бейбіт тұрғындары қаза тапты. Соққы халықаралық конвенция қолдануға тиым салған ақ фосфор арқылы жүзеге асқан.

САНА агенттігінің ақпарына сәйкес, коалиция ДАИШ* бекетіне шабуыл жасаған, дегенмен, сириялық бейбіт тұрғындар да соққының тырнағына іліккен.

2014 жылдан бері Вашингтон және одақтастары Сирия мен Иракта ДАИШ* лаңкестік ұйымына қарсы операция жүргізуде, АҚШ Сирия аумағында үкіметтің рұқсатынсыз әрекет етуде деп хабарланады. Дамаск бұған дейін БҰҰ-дан АҚШ-тың Сирия аумағына рұқсатсыз әскерін енгізуді тоқтатуды сұраған еді.


ДАИШ* – Қазақстан Республикасы аумағында тыйым салынған ұйым.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз