Тиллерсон қызметінен босатылды

0
29
/РИА Новости

Сейсенбіде Дональд Трамп мемлекеттік хатшы лауазымын атқарған Рекс Тиллерсонның қызметінен босатылғанын хабарлады. АҚШ мемлекеттік хатшысы лауазымын енді Майк Помпео (бұған дейін Орталық барлау қызметінің басшысы) атқарады.

АҚШ президенті Тиллерсонның қызметінен кету себебін ұстанымдарының әрқилылығымен байланыстырып, қызметінен кету туралы мәселені өзімен бұрыннан бері талқылап келе жатқанын мәлімдеді, деп жазады РИА Новости. Трамптың айтуынша, Тиллерсонмен қатынастары жақсы, дегенмен, пікір қайшылықтары бар. Тиллерсон туралы айта келе Трамп «оның қызметін жоғары бағалайтынын» мәлімдеп, оны жақсы адам деп атады.

Бас хатшы қызметінен бұрын Тиллерсон ExxonMobil компаниясының бас директоры, директорлар кеңесінің басшысы қызметтерін атқарған. Алғашқы еңбек жолын да аталған компанияда инженер болып бастаған. 2016 жылдың 13 желтоқсанында президентікке сайланған Дональд Трамп Тиллерсонды мемлекеттік хатшы қызметіне ұсынды. 2017 жылдың 23 қаңтарында Тиллерсонның кандидатурасы сенаторлар тарапынан қолдау тапты. 2017 жылдың 1 ақпанынан бастап АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы қызметін атқарған Тиллерсон 2018 жылыдң 13 наурызында қызметінен босатылды.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз