КХДР-дың агрессивті әрекеттері халықаралық қауымдастық тарапынан жауап берілу керектігін дәлелдейді деп мәлімдеді телефонмен сөйлесу барысында АҚШ пен Жапония Қорғаныс министрлері Джейми Мэттис пен Ицунори Онодера.
«КХДР-дың агрессивті әрекеттері өршіп келе жатқан қауіп-қатерге қарсы тұруға және аймақтағы тұрақтылықты сақтау үшін қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың қажеттілігін көрсетеді», – деп хабарланады Пентагондағы әңгіме барысының қорытындысы бойынша деп хабарлайды РИА Новости.
Онда тараптар 28 қарашадағы КХДР тарапынан ұшырылған кезекті зымыран туралы талқылаған.
«Екі ел де өз халықтарын қорғауға және Тынық мұхит аймағындағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға ұмтылуда бірігеді. Мэттис сонымен қатар АҚШ-тың альянсқа бейіл міндеттемесін растады», – деп хабарланады.
Сабина Сайлаубай