АҚШ ресейліктерге виза беруді тоқтатпайды

0
170
Photo: 24.kz

22 тамыз күні АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Америка құрама штаттарының Ресей азаматтарына виза беруді тыятын ойы жоқ екенін мәлімдеді. Бұл ақпаратты RFE/RL қазақ қызметі CNN-ге сілтеме жасап хабарлады. 

АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Ресей билігі мен қарапайым азаматтарын бөлек қарастыру керек екенін айтты.

Мемлекеттік департамент Ресей азаматтарының бәріне бірдей виза беруден бас тарту Отанында қысым мен қуғын көрген Ресей диссиденттерінің жолын кесуі мүмкін деп санайды. Мәлімдеменің дәйексөздерін CNN таратқан.

Ведомство өкілі виза шектеуі Ресей шенеуніктері мен олардың шешіміне қатысы барларға қолданылып келгенінін, мұнан былай да қолданыла беретінін айтқан. Ресей биыл 24 ақпанда Украинаға басып кіргелі АҚШ-тың санкция тізіміне Ресейдің бес мыңнан азаматы енгізілген, бұл тізім әрі қарай да толыға береді.

Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Washington Post газетіне берген сұқбатында Батыс елдерін Ресей азаматтарына виза бермеуге шақырған. Латвия, Чехия мен Эстония Ресей азаматтарына Шенген туристік визасын беруді тоқтатқан, Финляндия шектейтінін жариялаған.

Латвия, Литва, Эстония мен Чехия барлық елдерді Ресей азаматтарына Шенген визасын беруді тоқтатуға шақырған. Еуропа одағының Португалия сияқты кейбір елдері мұндай шараға қарсы болған. Виза беруге ттыйым салуды Еуропа одағының шетел істері мен қауіпсіздік саясаты бойынша өкілі Жозеп Боррель де қолдамаған.

Ресей азаматтарына арналған Шенген визасы туралы мәселе Еуропа одағына мүше мемлекеттер сыртқы істер министрлерінің тамыздың соңында Прагада өтетін кездесуінде талқыланады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз