АҚШ Түркияға санкция салды

0
82
АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео.

АҚШ Сирияның солтүстігінде әскери операцияға кіріскен Түркияның қорғаныс министрлігі мен энергетика министрлігіне және осы екі министрліктің басшыларына санкция салды.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның мәлімдемесіне қарағанда, президент Дональд Трамп қол қойған жарлық бойынша қаржы министрлігі мен мемлекеттік департамент Сирияның солтүстігіндегі тұрақтылық пен бейбіт өмірге нұқсан келтіруге қатысы бар Түркияның кез келген мемлекеттік құрылымы мен жеке тұлғаларына санкция сала алады.

Помпеоның мәлімдемесінде өткен аптада күрдтерге қарсы басталған Түркияның әскери операциясы терроризммен күреске нұқсан келтіріп, Сириядағы бейбіт адамдар өміріне қатер төндіретіні айтылған. АҚШ Түркиядан әскери операцияны дереу тоқтатуды талап етеді.

АҚШ президенті Сирияның солтүстігінен АҚШ әскерін шығару жайлы шешімін Twitter парақшасында ақтай сөйлеп, АҚШ Сириядағы міндетін орындағанын, сириялықтарды түрік әскерінен қорғау ниеті жоқтығын мәлімдеді.

Түркия Сирияның солтүстігінде бастаған әскери операциясын “өз шекарасын теророристерден қорғау” деп түсіндіреді.

Дүйсенбіде Сирия күрдтерінің жетекшілері Дамаск билігімен келісім жасасқаны белгілі болған еді. Осыдан кейін Башар Асад әскері Түркия шабуылынан қорғау үшін Сирияның күрдтер бақылауындағы бірнеше елді мекенге кірген. Күрд жасақтарының жетекшілері келісімге амалсыздан барғанын мәлімдеген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз