АҚШ-та Ақ үй мен CNN арасындағы дауға қатысты сот шешімі шықты

0
159
дереккөзден

АҚШ-та федералды сот төрағасы Тимоти Дж. Келли Ақ үйге CNN тілшісі Джим Акостаның аккредитациясын қалпына келтіру туралы шешім шығарды.

Сот шешіміне сәйкес, Ақ үй журналистің аккредитациясын тез арада қалпына келтіруге тиіс.

Америкалық CNN телеарнасы өз тілшілері Джим Акостаға байланысты АҚШ президенті Дональд Трамп пен оның бірқатар қызметкерлерін сотқа берген еді.

CNN тілшісі Д. Акоста/дереккөзден

Қараша айының басында АҚШ Конгресінің аралық өткізген сайлау қорытындысы бойынша баспасөз-конференциясында тілші Трампқа мигранттар керуеніне байланысты сауал қойды. Сауал Трамптың қытығына тиген болуы керек, Ақ үй басшысы жауап беруден бас тартып, тілшіні «өрескел және өте жаман адам» деп айыптады. Джим Акостаның мигранттар керуенінен бөлек 2016 жылы Ресейдің сайлауға араласуына байланысты қойған сұрағына Трамп өктем дауыспен “Жетер” деп үзіп жіберіп, тілшіден микрафонды келесі сұрақ қоюшыға беруді бұйырды. Трампқа  сұрақ қойған журналист сол күннен бастап Ақ үйге кіруге рұқсат беретін аккредитациясынан айырылды. Осыдан кейін CNN Трамп пен Ақ үйдің тағы бес қызметкері журналистің құқығын аяққа таптады деп сотқа шағымданған еді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз