АҚШ Украинаға тағы 725 млн доллар көлемінде әскери көмек береді

0
254

АҚШ президенті Джо Байден Украина қорғаныс саласын нығайтуға АҚШ қорғаныс бюджетінен 725 млн доллар қаражатты бөлуді тапсырды.

Жаңа көмек пакеті аясында Украинаға әскери техника мен оқ-дәрі, оның ішінде радиолокацияға қарсы HARM зымырандары, HIMARS жүйесіне арналған қосымша оқ-дәрі, қару-жарақ пен екі миллионнан астам оқ берілмек. Бұған қоса, АҚШ Украинаға медициналық жабдықтар жеткізіп, әскери жаттығулар бойынша көмек көрсетеді.

АҚШ ресми өкілі Reuters агенттігіне кезекті көмек пакеті контршабуылдар кезінде Украина күштерін қолдауға бағытталғанын айтты. Украина президенті кеңсесінің мәліметінше, украин армиясы 1620 елді мекенді азат етіп үлгерді.

Осы жылдың басынан бері АҚШ Украинаға 50 млрд доллардан астам қаражат бөлген, 27 миллиарды әскери шығынға жұмсалған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз