АҚШ және Еуропа елдері Беларусь арқылы ұшатын рейстерге тыйым салуға шақырды

0
211
photo: avianews.com

АҚШ сенаты халықаралық істер жөніндегі комитетінің басшысы Боб Менендес Чехия, Латвия, Германия, Литва, Ирландия, Польша және Ұлыбританиядағы әріптестерімен бірге Минскіге RyanАir ұшағының шұғыл қонуы туралы мәлімдеме жасап, Беларусь арқылы ұшатын барлық рейстерге тыйым салуға шақырды. Бұл туралы Риа Новости сайты хабарлады.

Оқи отырыңыз: Минск әуежайында оппозициялық журналист ұсталды

“Біз халықаралық азаматтық авиация ұйымын (ICAO) мемлекеттер арасындағы еркін транзиттің бұзылуы мен авиацияға төнетін қауіп-қатерді дереу тексеруге шақырамыз”, – делінген Менендес таратқан мәлімдемеде.

“Лукашенконың RyanАir жолаушылар ұшағын әскери ұшақтар арқылы шұғыл қондыруы нағыз қорқақтық. #RamanPratasevich тез арада босатылуы қажет. АҚШ пен ЕО Лукашенконың диктатурасына қарсы санкцияларды көбейту керек.” – делінген Боб Менендестің Twitter парақшасында.

АҚШ және ЕО саясаткерлері Белоруссияның ICAO-ға мүшелігін тоқтата тұруды және тергеу басталғанға дейін “Белоруссияға ұшып баруға және шығуға тыйым салуды” ұсынды.

24 мамыр күні ең аз екі рейс Беларусь елінің әуе кеңістігін айналып ұшты. Олар Air Baltic компаниясының Рига — Одесса және Рига — Тбилиси бағытындағы ұшақтары.

Бұл наразылықтар Беларус билігі оппозициялық журналист әрі блогер Nexta каналының негізін қалаушы Роман Протасевичті Афины–Вильнюс бағытында ұшып бара жатып Минск әуежайына төтенше жағдайда қонған RyanАir әуе компаниясының ұшағынан ұстап әкетуімен басталды.

Photo: NEXTA/Telegram channel

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз