Қазақстан ресми түрде Еуропа кеңесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының (ГРЕКО) құрамына кірді. Енді ақша жымқырып шетелге қашқандарды құрықтау жеңілдейді. Бұл туралы Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов айтты.
“ГРЕКО-ға қосылу келешекте Қазақстанға Еуропа кеңесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін қылмыстық жауапкершілік конвенциясына қосылу мүмкіндігін береді. Конвенцияға қосылғаннан кейін еліміздің мүмкіндіктері артады. Іздестіруде жүрген қылмыскерлерді, олардың заңсыз тапқан мүлкі мен ақшасын елге қайтару мүмкіндігі туады. Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен 65 қылмыскер іздестірілуде, оның ішінде 33-і шетелде жүргендер”, – деді Олжас Бектенов.
Айта кетейік, ГРЕКО-ға қосылу жұмысы 2009 жылы басталған.