«АҚШ Ким Чен Ынды биліктен тайдыруды көздемейді»

0
101
дереккөзден

АҚШ Корей түбегінде демократия орнатуды місе тұтпайды, тек ядролық бағдарламаны жабуды талап етеді, деп мәлімдеді АҚШ сенатор, республикашылы Линдси Грэм Fox News телеарнасына берген сұхбаты барысында.

Грэмның айтуынша, АҚШ Ким Чен Ын билігін құлдыратуды көздемейді, Корей түбегінде демократия орнатуға, оны біріктіруге ниетті емес, тек КХДР-дың ядролық қару жасау бойынша бағдарламадан бас тартуын талап етеді. Грэм Трамп та, Обама да, өзі де Солтүстік Кореяның 30 жыл бойы жалғасып келе жатқан ойынына төзбек емес, деп мәлімдеді. 

Саммит өтпесе, таңдау – әскери  кикілжің

«Егер КХДР өкілдері келіссөздерге келмей, Трамппен ойнауды мақсат тұтса, өзара дипломатияға нүкте қойылады», – дейді Грэм. Грэмның сөзінше, мұндай жағдайда жалғыз таңдау – әскери кикілжің, кикілжіңде «АҚШ емес, КХДР жеңіске ұшырайды».

Президент Трамп өткен жұмада АҚШ пен КХДР саммитке дайындықты жалғастыра береді деп мәлімдеген еді. Трамптың айтуынша, АҚШ 12 маусым Сингапурға жоспарланған жоғары деңгейдегі екіжақты саммитке (АҚШ пен Солтүстік Корея -ред) Корея тарапынан бас тарту ескертпесі келмеген.

Бұған дейін оңтүстік кореялық «Рёнхап» агенттігі Вашингтон мен Сеулдің бірлескен әскери оқу-жаттығулары үшін КХДР Трамп пен Ким Чен Ынның кездесуі өтпейді деп сес көрсетті деп жазған еді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз