АҚШ президенті Дональд Трамп президент сайлауына Ресейдің араласуы Құрама штаттарда дүмпу мен сілкініс тудырды, деп есептейді. Бұл туралы Ақ үй басшы өзінің Twitter-гі парақшасында жазады.
Трамптың сөзінше, Ресейдің мақсаты АҚШ-та қарама-қайшылық пен дүмпу тудыру болса, түрлі комиттердегі тыңғылықты тыңдау, барлау арқылы Мәскеу «өзінің ең асқақ армандарына жетті».
«Олар Мәскеуде сілелері қатқанша күлуде. Америка, ақылды бол!»
– деп жазады Трамп.
Еске салсақ, бұған дейін АҚШ әділет министрлігі 2016 жылғы АҚШ-та өткен сайлауға Ресей Федерациясының компаниялары мен 13 азаматы араласты деп айыптаған болатын.
Кремль аталған айыптауларды бірнеше рет жоққа шығарды.
БАҚ-та таралған ақпарға сәйкес, АҚШ президенттігіне экс-үміткер Хиллари Клинтон және Демократиялық партия Трамптың командасына қарсы ішкі саяси күрес жүргізуде. Аталған мүмкін айыптаулардың бастысының бірі – АҚШ президенті мен оның тараптастарын Ресейдің арнайы жасақтарымен байланысы бар.