Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктері йемендік Ходейд портын хуситтік «Ансар Аллах» ұйымынан босату үшін АҚШ-тан тікелей әскери көмек сұрады. Бұл туралы korrespondent.net хабарлайды.
Басылымның хабарлауынша, Абу-Даби мен Эр-Рияд Ходейд портын хуситтік ұйымнан босату 29 миллион Йемен тұрғындарының өміріне тікелей әсер етеді деп есептейді.
Абу-Даби мен Эр-Рияд билігінің пікірінше АҚШ-тың тікелей қолдауынсыз олар Ходейд портын босату үшін операция жасай алмайды.
Алайда, АҚШ президентінің әкімшілігі әзірге ешқандай шешім қабылдамады.