Бейрутте өткен Араб елдері Лигасы саммитінде Кедендік одақ және араб елдерінің еркін сауда аймағын құру туралы шешім қабылданды.
Росбалт ақпарына сәйкес, Араб елдері Лигасының бас хатшысының орынбасары Хусам Заки бірігудің басты мақсаты – 20 араб елінің азық-түлік қауіпсіздігі мен тұрақты дамуын қамтамасыз ету.
Аймақ экономикасының дамуы үшін тағы бір қабылданған маңызды шешім – Біріккен Араб Әмірліктері мен Сауд Арабиясының ортақ криптовалюта құру ниеті.
Бұдан өзге саммит барысында сириялық босқындар туралы да сөз қозғалды, Ливан сыртқы істер министрі Жебран Басиль өз ойын ортаға салды. Басиль қазіргі миграциялық дағдарысты Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейінгі салдары ең ауыр деп атай отырып, әсіресе араб елдері миграциялық дағдарысты ерекше сезініп жатқандығын алға тартты.
Араб елдері Лигасы – 1945 жылдың 22 наурызында құрылған араб сондай-ақ араб тілі мемлекеттік тіл болып саналатын достас араб емес елдерден тұратын халықаралық ұйым. Штаб пәтері Каирде.