Ауғанстанның шығысында 6,1 балды жер сілкінісінен кем дегенде 920 адам қаза тапты, кемі 600 адам жараланған. Бұл жөнінде “Талибан” үкіметіне сілтеме жасап, RFE/RL ауған қызметі хабарлады.
АҚШ геология қызметінің хабарына қарағанда, 22 маусым таңертең болған жер сілкінісінің ошағы — Ауғанстан астанасы Кабулдың оңтүстік жағы, Пәкістанмен шекарадағы Хост қаласының маңы.
Еуропа Жерорта теңізі сейсмология орталығының ақпаратына қарағанда, жер сілкінісі ошағынан 200 шақырымдағы Кабул қаласында да сілкініс қатты байқалып, дүмпу қайталанған. Жер дүмпуін Хосттан 300 шақырымдағы Пәкістанның астанасы Исламабад қаласы да сезген.
Пәкістанның метеорологиия қызметі жер сілкінісінің магнитудасын 6,1 деп бағалаған.