Қазақстан қорғаныс министрдің бірінші орынбасары – Қарулы күштер бас штабының бастығы генерал-лейтенант Марат Құсайынов басқарған әскерилер Түркияда өткен “Эфес – 2022” көпұлтты жауынгерлік оқу-жаттығуына қатысты.
Оқу-жаттығу Түркияның Измир қаласы маңындағы “Доғанбей” полигонында өтті. Оған Қазақстан Қарулы күштерін қосқанда 37 елдің әскери өкілдері қатысып жатыр.
Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқу-жаттығуға қатысушылардың бірлескен іс-қимылдары әскери шеберлік деңгейін көтеруге, жеке құрамның қажетті жауынгерлік дағдыларын арттыруға және арнайы операциялар күштері бөлімшелерінің жауынгерлік даярлығын жетілдіруге бағытталған. Сондай-ақ, іс-шаралар барысында олардың проблемаларды шешу дайындығы пысықталмақ.
Қазақстан әскерилері теңіз десантын түсіруді қамтамасыз етуге қатысып, парашютпен секірді. Мергендер жұбы шеберлік көрсетті. Сондай-ақ, армия авиациясы мен басқарылатын оқ-дәрілерді нысанаға алуды тәжірибе түрінде пысықтаған.
Сапар барысында генерал-лейтенант Марат Хусаиновтың Түркия ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акармен және Түркия Қарулы күштері Бас штабының бастығы армия генералы Яшар Гүлермен кездесті. Қорғаныс өнеркәсібі комитетінің оқу-жаттығуларды басқару және көрме орталығына барды.