Қазақстанда 30 мың қырғыз азаматы жұмыс істеп жүр

0
169

Бүгінде 710 мыңнан астам қырғыз азаматы шет мемлекеттерде жұмыс істеп жүр. Олардың арасында Ресейде 640 мыңнан астам, Қазақстанда – 30 мың, Түркияда – 30 мың, Оңтүстік Кореяда – 15 мың және басқа елдерде 20 мыңнан аса қырғызстандық жүр. Бұл туралы ақпарат Қырғызстан мемлекеттік миграция қызметінің алқа отырысында жарияланды.

Қырғызстан премьер-министрінің орынбасары Алтынай Омурбекованың сөзінше, жастардың көбі шетелге кетіп, сол жақта қалып қояды.

“Біз оларды үйге қайтарудың қажетті шараларын қабылдауымыз керек. Бұл мәселеде азаматтарымызға тұруға және жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасауды кешенді түрде қарастырғанымыз жөн. Бұған қоса бүгінгі таңда біздің отандастарымыз елдің дамуына қаржысын қосатын инвестор екенін айтқым келеді. Осыған байланысты тиісті мемлекеттік органдар өз бағыттары бұл мәселені пысықтауы керек” деді ол.

Қырғызстан Ұлттық банкінің мәліметі бойынша, 2018 жылы елге сырт жақтан ақша аудару жүйелері арқылы түскен 2,6 миллиард доллардың 98 пайызы Ресейден жіберілген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз