Оралу
Әлемде Қазақстандықтарға шетелде қауіпсіз демалу жолы табылды
Бір жарым жылда ТУРКОДпен жарты миллион қазақстандық шетелде демалды.
2017 жылдан бастап отандық саяхатшыларға шетелге тур-кодпен шығуға кеңес беріледі. Арнайы құрылған “Туристік Қамқор” ҚҚ шетелде күтпеген жағдайға тап болған сәтте отандастарын тез арада елге оралтуды көздейді. Ең алдымен бұл алақол қызмет көрсететін турфирмалардан зардап шеккендерге қатысты. Әр адамның отанына ең жақын арадағы рейспен оралуына кепіл береді.
Бүгінгі таңда “Туристік Қамқор” қорының құрамына 56 туроператор мүшелік етіп отыр. Алайда Қазақстанда шетелге шығумен айналысатын 140 компания бар екені белгілі. Демек, қалған 70тен астам туроператор қауіп-қатерге бас тіге отырып, жасырын түрде қызмет көрсетуде.
ТУРКОД деген не?
Туристік код 11-13 әріптік – сандық символдардан тұрады. Ол әр жолдаманы рәсімдеген кезде автоматты түрде беріледі. Турист күтпеген жағдайға тап болған кезде Қормен байланысып, өзінің туркодын айтып, шұғыл түрде көмек күтуге құқылы.
“Туристік Қамқор” қоры 2016 жылдың 7 қарашасынан бастап қызмет көрсетуде.
Белбайлы Арман