БҰҰ Бас ассамблеясы бейсенбіде Ресейдің ұсынысымен 8 және 9 мамырды ІІ-дүниежүзілік соғыстың барлық құрбандарын еске алу күні деп жариялады. Бұл туралы ТАСС сайты хабарлады.
Ресей, бұл құжатта БҰҰ-ға барлық мүше мемлекеттерге және ұйымдарға осы күндерді атап өтуді ұсынды. Сондай-ақ, Бас ассамблея төрағасына құрбан болғандарды еске алуға арналған 2020 жылы 1 желтоқсанда Бас ассамблеяның арнайы салтанатты жиналысын өткізуін талап етті.
Ресейдің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілінің орынбасары Геннадий Кузьмин соңғы жылдары бұл күннің БҰҰ тарапынан мамыр айында аталып өтіп жүргенін айтты. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты осы жылы тойланбай қалғаны үшін желтоқсан айында атап өтуге шақырған.
“Бұрын-соңды болып көрмеген бұл соғыс бүкіл әлем халықтары үшін орасан зор трагедияға айналды”, – деді Кузьмин