Бүгін балалар жазушыларының мерекесі

0
217
Балалар қаламгерлері үшін ең үлкен марапат - Андерсен атындағы xалықаралық сыйлық.

2 cәуір балалар қаламгерлері үшін ең үлкен марапат – Андерсен атындағы xалықаралық сыйлық табысталатын күн. Бұл туралы журналист Серікбол Хасан Facebook парақшасына жазды.

“Кіші Нобель” деген екінші аты бар бұл сыйлық 1956 жылдан бастап дәл осы 2 сәуір күні 2 жылда бір рет беріледі. Өкінішке қарай, бұл атақты сыйлықты біз тұрмақ, балалар әдебиетінің ғасырлық мектебі қалыптасқан іргеміздегі Ресей жазушылары да алған жоқ. Азия құрлығы бойынша жапондар 3 рет, қытайлар 1 рет алды. Алғаш болып Орталық Азия мен ТМД-дан қазақ қаламгері алып жатса, біз үшін үлкен мерей болар еді, – делінген жазбада. 

Қазақ жазушысы Марат Қабанбай Андерсен атындағы Құрмет дипломына ие болған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз