БҰҰ әлемде мигранттар санының өскенін мәлімдеді

0
85
дереккөзден

Әлемде 258 миллионнан астам адам мигрант, бұл жаһан жұртының 3,4 пайызын құрайды және бұл санақ өсіп келеді. Аталған ақпарат Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және әлеуметтік мәселелер Департаментінің жаңа есебінде жарияланды.

Есепке сәйкес, мигранттардың саны 2000 жылмен салыстырғанда 49% -ға артқан. Шамамен 26 млн мигрант қашқындар, деп жазады РИА Новости.

Мигранттардың көп бөлігі атап айтқанда, 49,8 миллион адам немесе барлық мигранттардың 19 пайызы АҚШ-та тұрады. Сауд Арабиясында, Германия мен Ресейде тұратын мигранттар саны әр елде шамамен 12 миллион адамды құрайды. Ұлыбританиядағы мигранттар саны 9 миллион адамды құрайды.

2017 жылғы деректерге сәйкес, барлық халықаралық мигранттардың 48,4 пайызы әйелдер. Мигрант әйелдер саны Африка мен Азиядан басқа барлық өңірлерде ерлерден асып түседі.

Барлық халықаралық мигранттардың төрттен бір бөлігі (74%) 20 жастан 64 жасқа дейінгі еңбек жасындағылар. Сонымен бірге бүкіл әлемдегі еңбекке жарамды адамдардың саны жаһан халқының 57 пайызын құрайды.

Ең көп мигранттар санын Үндістан (17 млн адам) құрайды, екінші орында мексикалықтар (13 млн адам).

Ресей, Қытай, Бангладеш, Сирия, Пәкістан және Украина тұрғындары мигранттардың айтарлықтай бөлігін, атап айтқанда 6-дан 11 миллионға дейін адам санын құрайды.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз