Беларусь Республикасының Могилёв қаласында Қазақстан консулдығы ашылды. Мекеменің салтанатты ашылуына жергілікті елшіміз және қала басшылығымен қатар қарапайым тұрғындар да қатысты.
Могилёв – елдің ең ірі өндіріс орталығы. Сонымен қатар, ол Шымкентпен бауырлас шаһар. 24.kz хабарлауынша, Могилёв қаласындағы дипломатиялық өкілдікті осы елдің азаматы Сергей Демяшкевич басқарады.
“Могилёв – біздің құрметті консулымыз Сергей Николаевич Демяшкевичтің туған жері. Ол Қазақстанға танымал тұлға. Оны депуттаттар, сенаторлар, спортшылар жақсы таниды. Көп жыл бизнеспен айналысқан. Қазақстан мен Беларусь арасында жиі қатынайды. Енді Құрметті консул ретінде іскерлігін көрсетеді деген сенімдеміз. Жалпы Беларусьте оқып, жұмыс істеп жатқан 400-ден астам қандасымыз бар”, – деді ҚР-ның Беларусьтегі Төтенше және өкілетті елшісі Ермұхамед Ертісбаев.