Британ соты Гүленмен “қатысы бар” кәсіпкерді Түркияға беруден бас тартты (видео)

0
75
Акын Ипек

28 қараша күні Лондон соты Түркияға “Фетхуллаһ Гүлен қозғалысымен байланысы бар” деп айыпталған кәсіпкер Акын Ипекті беруден бас тартты. Бұл туралы mk-turkey.ru сайты хабарлады.

Акын Ипек кім?

Акын Ипек 10 млрд долларға жуық байлығы бар Түркияның ең бай адамдарының бірі. Оның меншігінде алпауыт медиа тобы, алтын кендері мен құрылыстары болған.  Алайда, 2015 жылы Түркия билігі түрлі шағымдармен кәсіпкердің бар мүлкін тәркілеген болатын.

“Koza Ipek” холдингінің иесі Түркияда төңкеріс басталғаннан кейін Ұлыбританияға қоныс аударған.

Түркия Акын Ипекті  “террористік ұйымға жәрдемдескен” деген айып тағып отыр. Ал кәсіпкер болса бұл айыппен келіспейді.

Англиядағы сот қорытындысы

Financial Times ақпаратында, “егер кәсіпкер Түркияға қайтарылатын болса оған қауіп төніп, құқығының аяққа тапталуы мүмкін” екендігі жазылған.

Түркиядағы заң өкілдеріне болған “күмән” судья Джон Занидың қаулысына  әсер еткен. Лондон соты Түркияның кәсіпкер Акын Ипек турасында әділ түрде шешім қабылдайтынына сенімді болғанда ғана экстрадициялануы мүмкін екендігін айтқан.

Акын Ипектің адвокаты Хьюго Кит соттағы қорытынды сөзінде, Түркияның кәсіпкерді сұратуын, “әділетсіз әрі негізсіз, осы уақытқа дейін сотта көрген ең жөнсіз өтініш” екендігін айтты.

Түркия реакциясы

Англиядағы соттың қаулысынан кейін, Түркияның Әділет министрі Абдулхамит Гүл Акын Ипекті қайтару турасындағы өтініштің қабылданбауы, “дұрыс емес” екендігін мәлімдеді.

“Англияның өтінішімізді қабылдамауында саяси астар бар. Осыған байланысты кәсіпкерді қайтару туралы өтінішке соттың шығарған қаулысы жөнсіз”, – деді ол.

Түркияда Гүленмен байланысты ұйымды қолдағаны үшін мыңдаған адам сотталып он мыңдаған адам мемлекеттік органдардағы жұмысынан айырылды. Сотталғандар мен айыпталушылар арасында көптеген аға офицер шенеуніктер, БАҚ өкілдері мен кәсіпкерлер бар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз