“ДАИШ”* тәлібтер мен ауған үкіметі кездескен уақытта жарылыс жасады

0
126
mynet.com

Ауғанстанның шығысындағы Нангархар қаласында 17 маусымда ауған әскерилерінің «Талибан» қозғалысының өкілдерімен кездесу барысында жарылыс болып, салдарынан кем дегенде 26 адам қаза тапты. Бұл туралы Reuters хабарлайды.

Жергілікті Tolonews телеарнасы таратқан ақпарға сәйкес, шабуылға жауапкершілікті «ДАИШ»* лаңкестік ұйымы алған.

Лаңкестік шабуыл Рамазан айының аяқталуына байланысты Ауғанстан президенті Ашраф Ғанидың тарапынан жарияланған тәлібтермен татуласу кезінде орын алған. Елдің әр аймағында «Талибанның» ондаған жауынгерлері қалаларға кіріп, ауған әскерилерімен бауырластыққа тартылған.

Қабылда тәлібтермен елдің ІІМ басшысы кездескен.

Ауғанстан президенті Ашраф Ғани 16 маусым күні ел билігі тарапынан «Талибанмен» ынтымақтастықтың жалғасатынын хабарлаған еді. Бұған дейін шабуылдың тоқтатылуы туралы үндеу 20 маусымда аяқталуы қажет.

Дегенмен, Ғани бауырластықтың қай уақытқа дейін жалғасатынын хабарламады. Өз кезегінде, ел президенті тәлібтерді бауырластықтың мерзімін ұзартуға шақырды (тәлібтер бауырластықты 17 маусымға дейін ғана созған – ред).

Twitter парақшасында ел президенті Ғани «бауырластық уақытында» мемлекет жаралы тәлібтерге медициналық көмек көрсететіндерін, қажет болған жағдайда гуманитарлық жәрдем де берілетінін алға тартқан еді. «Тұтқынға алынған тәлібтер отбасы мүшелерімен де кездесе алады», – деп жазды Ғани.


Осы жылдың маусым айында Ауғанстан билігі мен «Талибан» қозғалысының өкілдері 2001 жылдан бергі алғашқы бауырластыққа келісті. Бауырластық Рамазан айының аяқталуына байланысты ұзартылды, ел президенті Ашраф Ғани бауырластықты әрі қарай да жалғастыруға ниетті екендерін жеткізіп, тәлібтерді келіссөзге шақырды.Өз кезегінде, тәлібтер ауған үкіметінің атыс-шабысты тоқтау туралы келісімінен бас тартты.


Талибан* – 2005 жылдың 15 наурызында Жоғары соттың шешімімен Қазақстанда тыйым салынған шетелдік лаңкестік ұйым.

ДАИШ* – 15 қазан 2015 жылы қабылданған сот шешімі бойынша, Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйымдар қатарына енді.

 

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз