Дональд Трамптың інісі қайтыс болды

0
125
Роберт ағасы Дональд Трамппен. Photo: Fox news

АҚШ президенті Дональд Трамптың 71 жастағы інісі Роберт Трамп Нью-Йорк ауруханасында қайтыс болды.

“Қайғыра отырып, біртуар бауырым Роберттің бүгін түнде дүниеден озды. Ол маған іні ғана болмай, дос та болды. Біз оны қатты сағынамыз, бірақ біз тағы да кездесеміз. Оның естелігі менің жүрегімде мәңгі болады. Роберт, мен сені жақсы көремін. Жатқан жерің жайлы болсын” деді Трамп 15 тамыз күнгі мәлімдемесінде.

Ақ үй президенттің бауыры ауыл хәлде жатқанын хабарлаған соң, 14 тамыз күні Дональд Трамп Нью-Йорк ауруханасына соғып, інісінің көңілін сұрады. Өлімнің себебі айтылмады, бірақ марқұмның маусым айында бір аптадан астам ауруханада жатқаны белгілі.

АҚШ-тың 74 жастағы президенті бауырларының ішінде інісі Роберт Трамппен жақындау болған. Бірақ екеуінің мінезі екі түрлі. Дональд Трамп бір жолы інісін “маған қарағанда тыныштау әрі мінезі жеңіл” деп сипаттаған.

“Роберт кез келген адаммен тіл табыса алады. Бұл мен үшін керемет болатын, өйткені кей кездері мен жаман адамның рөліне түсіп қалатынмын” деп жазған Дональд Трамп “Келісу өнері” деп аталатын 1987 жылғы бестселлер кітабында.

Роберт Трамп 1948 жылы туған. Ол – отбасындағы бес баланың ең кішісі. Отбасының кенжесі мансабын Уолл Стриттен бастаған, бірақ кейіннен Trump Organization компаниясының жоғары лауазымына ие болған.

Кейінгі жылдары Роберт Трамп көзге көп түспей, ағасының қолдаушысы болып жүрді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз