Джек Маның жұрт алдына шықпағанына 2 ай болды

0
223
VLADIVOSTOK, RUSSIA SEPTEMBER 11, 2018: Alibaba Executive Chairman Jack Ma at a meeting of Russian President Vladimir Putin with foreign businessmen on the sidelines of the 2018 Eastern Economic Forum. Valery Sharifulin/TASS Host Photo Agency (Photo by Valery SharifulinTASS via Getty Images)

Alibaba негізін қалаушы, қытайлық миллиардер Джек Маның жұрт алдына шықпағанына екі ай болды. Алып бизнесі Пекин шектеуіне ұшыраған кәсіпкердің қайда екені белгісіз. Бұл туралы Reuters агенттігі жазды.

Кәсіпкер соңғы рет қазан айының соңында Шанхайдағы форумда жұрт алдында сөйлеген. Жиын кезінде Ма Қытайдың қаржылық реттеу жүйесін сынаған, ізінше Қытай билігі Алибабаға еншілес компания Ant Group-тың акцияларын жариялауды тоқтатқан.

Қытай коммунистік партиясы әдетте сынға төзбейді және басшылардың қателіктері жайлы ақпараттарға тыйым салады. Қараша айында Ма кәсіпкерлерге арналған “Африканың бизнес қаһарманы” атты шоудың әділқазылығынан шеттетілген. Alibaba корпорациясының ресми өкілі Reuters агенттігіне жюриліктен шеттетуге қазан айындағы дау себеп болғанын айтқан. Бірақ жай-жапсарына тоқталмаған.

Джек Маның қазан айындағы сөзі қытайлық мемлекеттік органдардың Alibaba-ға қарсы тексеріс бастауына түрткі болды. Өткен аптада Қытай билігі Ant Group операцияларын қысқартып, компанияның басқару тиімділігіне күмән келтірген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз