Түркия футбол федерациясының директорлары кеңесі, жергілікті футбол жарысының ережелеріне байланысты өзгерістер енгізген. Оның ішінде әрбір «Суперлиг» турниріндегі клубтар, құрамындағы Түркі елдері азаматтарының біреуінен «легионер» статусын алып тастайды, деп хабарлайды Kazaknews.kz Ақпараттық агенттігі.
Жаңадан қабылданған ереже бойынша, Суперлиг клубының басты құрамында 14-тен артық шетелдік футболшы болмауы керек. Ал командадағы Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркменстан елінің футболшылары “легионер” ретінде саналмайды. Және олардың саны әр клубта 1 адамнан аспауы керек.
Түркиялық клубтар, трансфер уақыты аяқталар кезде командадағы әрбір шетелдік үшін федерацияға төлеуі керек ақшаның мөлшері анықталды:
1 легионер футболшы – 105.000 Жаңа түрік лирасы
2 легионер футболшы – 230.000 тл
3 легионер футболшы – 400.000 тл
4 легионер футболшы – 610.000 тл
5 легионер футболшы – 840.000 тл
6 легионер футболшы – 1.050.000 тл
7 легионер футболшы – 1.365.000 тл
8 легионер футболшы – 1.740.000 тл
9 легионер футболшы – 2.625.000 тл
10 легионер футболшы – 3.255.000 тл
11 легионер футболшы – 3.885.000 тл
12 легионер футболшы – 4.515.000 тл
13 легионер футболшы – 5.250.000 тл
14 легионер футболшы – 6.510.000 тл
15 және одан да көп легионер болған жағдайда, 14 адам үшін төленетін сомадан бөлек келесі шетелдік футболшылардың әрқайсысы үшін 600 мың тл төлейді.
1 тл – 18,99 теңге (23.06.2023ж ҚҰБ)