Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанның «асқақ» армандары аймақта айтарлықтай күрделі қақтығыс туғызуы мүмкін.
Бұл туралы Израильдің тумасы тәуелсіз журналист Йоханан Виссер «Israel National News» газетіне берген мақаласында айтады.
Израильдің Ұлттық жаңалықтары басылымының хабарлауынша, Түркия президенті Р.Т.Ердоған Түркия аумағын кеңейтіп, Осман империясын қайта жандандыруға тырысқан сынай танытып, Грекияға қарсылық білдіруде. Афринді мекендеген күртдермен соғыс әрекетін бастап, Башар Асадтың әскери күштеріне қарсы тұруға дайын.
Йоханан Виссер Эгей теңізіндегі аралдарға қатысты дау-дамайды, сонымен қоса теңіз жағалауындағы Түрік гвардиясының грек кемелеріне шабуыл жасағанын ескере отырып, Грекия Сыртқы істер министрінің жексенбі күнгі «Грекия – Сирия немесе Ирак сияқты емес, біз өз аумағымызды қорғайтын боламыз» деген ескертуін еске салды.
Сонымен қоса Виссер мақаласында «Алайда, бұл теріс исламдық үдеріс пен Түркияның «үстемдік күн тәртібі» сынды қалауын жасырғысы келмейтін Ердоғанды тоқтату үшін жеткіліксіз көрінеді. Ол тіпті өз мүддесі үшін балаларды ашық түрде пайдаланудан тайынбады», деп қосты.
Вессирдің айтуынша, Сирияның солтүстігіндегі күрдтермен күресте Түркияның сунниттік ислам күштерінің қолдауымен, атап айтқанда «Әл-Қаиданың» қалдықтарымен жүргізіп жатқан әскери операциясы шиит әскерлері мен Сирия әскері арасында одақтастық құруына ықпал етеді. Бұл жағдайдың соңғы раунды екі елді соғыс жағдайына дейін алып келуі бек мүмкін.