Еурокомиссия Mastercard-қа 570 млн еуро айыппұл салды

0
80

Еуропа комиссиясы Mastercard төлем жүйесіне ЕО антимонополиялық ережені бұзғаны үшін 570 млн еуро айыппұл салды. Бұл туралы сейсенбі күні жарияланған хабарламаға сілтеме жасап KAZAKNEWS агенттігі хабарлады. 

“Еуропа комиссиясы Mastercard төлем жүйесіне ЕО антимонополиялық ережелерін бұзып, басқа банктердің ұсынған жақсы шарттарын сатушылардың қолдануына шектеу қойғаны үшін 570 566 000 еуро айыппұл салды”, – делінген хабарламада.

Сатып алушы дүкенде немесе интернет арқылы сауда жасағанда дебет немесе несие картасын қолданған кезде, сатушы банкі (банк-эквайер) карта иесінің банкіне – банк-эмитентке комиссия төлейді. Банк-эквайер өз кезегінде барлық тұтынушылар үшін, тіпті қолма қол ақшамен төлейтіндерге де комиссия сомасын қоса есептеп, ортақ бағаны шығарады. Mastercard ережелері бойынша банк-эквайерлер сатып алушы тұратын елде банкаралық комиссияларды қолдануға міндеттеген.

Еурокомиссия 2013 жылы тексеру жүргізуді бастап, сатушылардың Mastercard арқылы төлем жасағанда банк қызметтері үшін көбірек ақы төлегенін анықтаған.

Mastercard Worldwide – әлемнің 210 елінде 22 мың қаржы мекемесінің басын біріктірген төлем жүйесі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз