Еуропа Парламентінің жылдық жалпы отырысында Түркияның ЕО-ға кіруін тоқтату туралы құжат талқыланып, нәтижеде 109 “жоқ” 370 “иә” даусымен аталмыш құжат күшіне енді. Бұл туралы euronews хабарлады.
Аталмыш құжатта адам құқығының аяққа тапталуына байланысты Түркия мен ЕО арасындағы мүшелік келіссөздердің тоқтатайтындығы жазылған. Еуропалық Комиссия мен Еуропалық Одақ Кеңесі осы мәселе төңірегінде жиналған болатын. ЕП-ның ең үлкен тобы Еуропа Халық партиясы болса келіссөздерден толықтай бас тартуды жалғастыра беретінін білдірді.
“Шынында төтенше жағдай (ТЖ түрікшеде OHAL) әлі жалғасуда“
EП мүшесі, нидерландылық Кати Пиридің (ханым) баяндамасында Түркиядағы адам құқықтарының аяқ асты болуы, Осман Кавала мен Селахаттин Демиртастың “қамауға алынуы”, “Түрік зияткерлік ұйымының оппозицияға қысым жасау үшін Дін істері басқармасының қызметін қолдануы”, “160 баспасөз мекемесінің жабылуы”, “сыбайлас-жемқорлықтың толастамауы”, “Діни азшылық, соның ішінде Христиандар мен Алевилердің қысымға ұшырауы” және “ЕО елдеріне баспана беру туралы өтініштердің шектен тыс көбеюі” жазылған. Сонымен қатар, төтенше жағдайдың расында жалғасып жатқандығы, ұсталған тұлғаларға нақты дәлелдердің жоқтығы баса айтылады.
Төтенше жағдай (ТЖ) комиссиясы істің тек 7 пайызы оң нәтижелі болғанын және 81000 құжат әлі қарауда жатқандығын айтқан. Түрік үкіметінен осы тұлғаларға халықаралық құқық нормаларына сәйкес материалдық және рухани шығындардың орнын толтыруға мүмкіндік беретін механизмді құруы талап етіледі.
Баяндамада 2015 жылдан қазірге дейін жалғасып жатқан жаңа Стамбул Әуежайы жұмысында 38 адамның қайтыс болуы еске алынып, мұның негізінде тиісті шара қолданылмауына наразылық білдірген адамдарды түрмеге себепсіз қамауы сынға ұшыраған.
Түркияның Шығысында болған “адам құқықтарын бұзуға қарсы бейбіт шешім ұсынылу” қажеттілігі де назардан тыс қалмады.
“Адам құқығын қорғаушыларға қолдау көрсету қажет”
Euronews-тің түрік бөліміне сұхбат берген ЕП мүшесі Кати Пири Түрік үкіметінің кейбір еуропалық журналистерге аккредитация бермей қойғандығын алға тартып, төрт мыңнан астам судья мен прокурордың жұмыстан босатылуы Түркия заңының тәуелсіздігі мен бейтараптығына қауіп төндіретінін айтқан. Соңғы уақытта Түркияда әйелдерге жасалған адам сенгісіз зорлық-зомбылықтың үдегенін де атап өткен. Кати Пири өз баяндамасында ЕО мүшелерін Түркиядағы адам құқығын қорғаушыларға қолдау көрсетуге шақырды.
Кати Пири Еуропалық Одақ Кеңесіне Түркияны ЕО құрамына қабылдаудың стратегиясын ұзақ уақыт талтылаудың маңыздылығын айтты.
Түркия туралы құжаттың егжей–тегжейі төмендегідей:
-
Құжатта ТЖ-дың нақты жалғасып жатқандығы, ТЖ процедуралары жергілікті билік пен билік органдары тарапынан қолдауға ие екендігі көрсетілген. Ой-пікір білдіру бостандығы, жиналыс және меншік бостандығы мәселелерінде кері кетіп бара жатқандығы және алаңдаушылықтың басым екендігі де айтылған;
-
Терроризмге қатысты мәлімдемелермен 150 мың адамның ұсталып 78 мың адамның тұтқындалуы және бұл істердің көбі нақты дәлелдемесіз жасалғаны күдікке жетелейді;
-
Құжатта Түрік барлау агенттігінің Гүлен қозғалысы мен оппозицяға қысым көрсету үшін Дін істері басқармасын қолданғандығы көрсетілген. Бұл жағдай Еуропа елдерінің егемендігіне және әлеуметтік тәртібіне қауіп төндіретіндіктен аталмыш міндетке ЕО-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік құрылымдары да тартылатын болады;
-
Тұтқындағылар мен олардың туыстарына паспорт берілмеуі де үлкен алаңдаушылық тудырып отыр;
-
Құжатта БҰҰ Адам Құқықтары комиссарының баяндамасы негізінде, антитеррорлық заңнамадағы адам құқықтарын бұзуды теріс пайдаланғаны үшін Түркияға ескерту жасалады. Терроризмге қарсы заңнамаға және адам құқықтарына қатысты халықаралық стандарттарға бейімделуін талап етеді;
-
Түрік үкіметінің басқа елдердегі өз азаматтарына кедергі келтіруі, ұрлауы, жасырын қадағалауы және есеп беру желілерін бұзуы қатаң айыпталады. Заңсыз ұрлау операциялары мен 18 елден 101 түрік азаматын нақты себепсіз қайтару – өрескел қате іс. Интерпол ешқашан түрік оппозизиясына, жапа шеккен құқық қорғаушылары мен журналистеріне ешқашан зарар келтірмейді, Түркия тарапынан келген ешқандай ұсынысты қабылдамайды;
-
Төтенше жағдай (ТЖ) комиссиясы істің тек 7 пайызы оң нәтижелі болғанын және 81000 құжат әлі қарауда жатқандығын айтқан. Түрік үкіметінен осы тұлғаларға халықаралық құқық нормаларына сәйкес материалдық және рухани шығындардың орнын толтыруға мүмкіндік беретін механизмді құруы талап етіледі;
-
4000-нан астам судья мен прокурордың қызметінен босатылуы заңның тәуелсіздігі мен бейтараптығына қауіп төндіреді. 570 адвокатты қамауға алу қорғанысқа және әділ сот ісіне кедергі келтіреді;
-
Кәсіподақ мүшелігі қылмыстың дәлелі ретінде қарастырылуы елдегі кәсіподақ құқықтарын дамытуға кедергі жасайды;
-
ТЖ басталғалы ЕО елдерінде түрік азаматтарынан келген баспана алу өтініштерінің саны едәуір өскен. Еуропа баспанамен қолдау басқармасының хабарлауынша, Түркия азаматтары ЕО елдеріне ең көп баспана іздеуге келетін бесінші ел екендігі айтылуда. 2018 жылдың қыркүйек айындағы мәліметке сәйкес баспана алу үшін 16 мыңнан астам өтінім әлі қарауда жатыр;
-
Түркияда сыбайлас-жемқорлықтың белең алғандығы бұған дейін де белгілі болатын. Сыбайлас-жемқорлық жағдайларында тергеу, қудалау және сенімділік, әсіресе жоғары деңгейдегі сыбайлас жемқорлықты әшкерелеудегі әлсіздік алаңдатады;
-
Бұл құжат ЕО-ға мүше елдерге Түркияда қауіп төніп тұрған адам құқығын қорғаушыларға қолдау білдіру қажеттігін көрсетеді. Түркияны адам құқығын қорғаушыларға байланысты ЕО ережелерін толық орындауға шақырады.
ЕО-Түркия Қауымдастығы кеңесінің келесі отырысы 4 жылдан кейін 15 наурызда Брюссельде өтеді. ЕО төрағалығына жауапты Румыния өкілдері жиынның күн тәртібі адам құқықтары жөнінде болатынын хабарлады. Кездесуде тараптар арасындағы визаны ырықтандыру, Кеден одағының жаңаруы және лаңкестікке қарсы күрестегі ынтымақтастық сияқты мәселелер талқыланады.