Аргентина келесі халықаралық Expo-2023 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін ел болып қабылданды.
Халықаралық көрмелер бюросына қатысушы елдердің жасырын дауыс беруі Парижде Бас Ассамблеяның 162 сессиясында өтті, деп хабарлайды Хабар 24.
Польша, АҚШ және Аргентина халықаралық көрмені өткізу құқығы үшін бақ сынады. Америка Құрама Штаттарының Миннесота қаласы «Бүкіл әлемге денсаулық» өтінімімен 25 дауыс жинады. Ал Польша «Қаланы жаңарту» және Аргентина цифрлық дәуірдің шығармашыл мүмкіндіктері жобасы бойынша 46 дауыс жинап, тең түсті. Нәтижесінде екінші раунд жарияланды. Бұл жолы Буэнос-Айрес Польшаның Лодзь қаласынан артық 62 дауыс жинады. Көрме 2023 жылы Аргентинада 15 қаңтар мен 15 сәуір аралығында өтеді.
Аргентина ақпарат министрі:
«Біз өте бақыттымыз! Менің елім ғана емес, барлық Латын және Оңтүстік Америка бақытты! Әр түрлі елдердің қолдауы Аргентина мен Буэнос-Айросқа EXPO-2023 көрмесін жеңіп алуға мүмкіндік сыйлады. Бұл барлық ірі және кішігірім елдер үшін шығармашылық салаларды дамытуға және сандық модернизацияға мүмкіндік береді. Көп адамдар бүкіл әлемде 2023 жылға қарай өзінің шағын смартфонымен өмірін қалай жақсартуға болады деген сұраққа жауап алады. Астанада өткен «EXPO 2017» көрмесіне қатысқанымызға ризамыз, өте жақсы әсер алдық. Біз Қазақстаннан EXPO-2017 көрмесін өткізу барысындағы тәжірибесімен бөлісуді сұраймыз», – деп атап өтті.