27 қаңтар күні Филиппиннің Сулу провинциясындағы католиктік шіркеудің бірінде жарылыс болып, 20 адам қаза тапты. Бұл туралы nytimes.com сайты хабарлады.
Жарылыстан 48 адам зардап шекті. Шіркеудің жанында қолдан жасалған бомба іске қосылған. Әзірге лаңкестік әрекетті кім жасағаны белгісіз. Қазір тергеу жүріп, лаңкестер іздестіріліп жатыр.
Болжам бойынша, қаза тапқандардың дені шіркеу қызметшілері.