Мамандар 14 наурызда бақыт туралы бүкіләлемдік баяндама жариялады. Баяндамада сарапшылар 156 мемлекетті бақыт негізінде адамдардың өмір сүру ұзақтығы, әлеуметтік қолдау және жемқорлық факторлары бойынша анықтаған, деп жазады Life.
Ең бақытты елдер көшін бастаған – Финляндия. Баяндамада Финляндияда 5,5 миллион тұрғынның 300 000 шетелден келгендігі айтылады. Иммигранттардың ірі топтары басқа еуропалық елдерден келеді, дегенмен, Ауғанстан, Қытай, Ирак, Сомали сынды елдерден келгендері де бар.
Бақытты елдердің ондығына сондай-ақ Дания, Исландия, Швейцария, Нидерланд, Канада, Жаңа Зеландия, Швеция және Австралия кірген. АҚШ бақытты елдер тізімінде өткен жылғы 14-ші орыннан 18-ші орынға бірақ жылжыды. Құрама штаттар аталған тізімде әрдайым 11-ші орында болған, ешуақытта бақытты елдердің ондығына енбегендігі айтылады.
Баяндама авторлары АҚШ-тың ондыққа енбеу себебін қоғамдық денсаулық дағдарысымен (семіздік эпидемиясы, күйзеліс, опиоид тәуелділігі) түсіндіреді.
Ал Орталық Азия елдері ішінде ең бақытты ел – Өзбекстан (44 орын). 59-шы орында Ресей. Ал Қазақстан 60-шы орында.