Франция коронавирустың таралуын тежеу үшін коммендант сағатын енгізеді

0
139
Франция. Көрнекі сурет.

Франция осы сенбі, 17 қазаннан бастап коронавирус індетінің екінші толқынымен күресу үшін комендант сағатын енгізбек. Ел президенті Эммануэль Макрон халқын кешкі сағат 9.00-ден таңғы сағат 6.00-ге дейінгі аралықта көшеге шықпауға шақырды. Бұл туралы BBC хабарлады.

Комендант сағаты тәртібі Парижде және одан өзге сегіз қалада орнайды. Олар: Марсель, Лилль, Сент-Этьен, Руан, Тулуза, Гренобль және Монпелье. 

Комендант сағаты төрт аптаға созылады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар денсаулық сақтау саласында төтенше жағдай тәртібі енгізіліп отыр. Бірақ мектептер бұрынғыша жұмыс істей береді, күн жарықта қалааралық сапарға шығуға болады.

Сәрсенбі, 14 қазан күні Францияда 23 мың адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Еуропа елдерінің көбі аурудың тарауын тежеу үшін карантин шектеулерін қайта енгізіп жатыр. Нидерландыда кафелер, барлар және ресторандар жабылды. Дәл осындай шара Испанияның Каталония аймағында да қабылданды.

Азаттық сайтының хабарлауынша, Чехия Республикасында кейінгі аптада вирус жұқтырғандар саны артып, 14 қазаннан бастап мектептегі оқу қашықтан жүргізіле бастады. Барлар мен ресторандар мұнда да жабылды.

Еуропада вирус жұқтырғандар саны тәулік сайын 100 мың адамға артқан. Чехия мен Франциядан бөлек жоғарғы көрсеткіштер Италия мен Швейцарияда да тіркеліп отыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз