“Такси” фильмінде ойнаған француз актері Сами Насери Абайдың өлеңін оқып, эстафетаны боксшы Геннадий Головкинге жолдады.
Актердің өлең оқыған видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. Насери оған эстафетаны Франциядағы Қазақстан елшілігінің кеңесшісі Мұрагер Сауранбаев бергенін айтты.
“Сәлем, менің атым Насери. Франция актерімін. Досым Мұрагер маған эстафетаны ұсынды, қабыл алдым. Енді мен бұл эстафетаны атақты боксшы GGG Геннадий Головкинге жолдаймын”, – деді актер.
Актер Сами Насери француз тілінде “Сағаттың шықылдағы емес ермек” өлеңін оқыды.
Естеріңізге сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев #абай175жыл эстафетасын Ләйлім Шырақ есімді кішкентай қыздың эстафетасын қабылдап, Instagram-да видео жариялаған болатын.