1 желтоқсанда Буэнос-Айресте “G-20-лықтың” саммиті өтеді. Саммитті өткізуші Аргентина бүгінде әлеуметтік-экономикалық дағдарысты өткеруде. Саммит аясында Аргентина президенті Маурисио Макри Британия үкіметінің басшысымен соңғы 1982 жылдан алғаш рет кездеседі. Бұған себеп – Британия мен Аргентина арасында Фолькленд аралдары үшін орнаған қақтығыс . Аталған кикілжің әлі күнге дейін Буэнос-Айрес пен Лондонның қатынасына селкеу түсіріп келеді.
Euronews ақпарына сәйкес, саммит барысында Британия Корольдігінің премьер-министрі Тереза Мэй АҚШ басшысы Трамппен кездесіп, сауда қатынастарын реттеп алуға үміт артады.
Ақ үй басшысы мен Кремль басшысының кездесуі саммиттің басты жаңалығына айналмақ еді, дегенмен, қарашаның 29-да Трамп “Керчен бұғазындағы кикілжіңге қанық болып, Путинмен кедесуден бас тартатынын” мәлімдеп, Twitter-ге бір ауыз сөз жазды.
Буэнос-Айреске Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салман осы сәрсенбіде-ақ табан тіреген. Салманды жаһандық құқық қорғаушылар Йемендегі халықаралық құқықты бұзуда , Түркия саудиялық оппозициялық журналист Жамал Хашыкжының өліміне айыптауда.
Париждегі өткен аптадағы жанар-жағармай құнының өсуіне қарсы болған қақтығыс Франция басшысының рейтингін құлдыратса да, Макрон климаттық өзгерістермен күресті жалғастырып, жаһандық жылынуға қарсы Париж келісімінің мүддесін қорғауға ниетті.
Дүниежүзілік сауда ұйымының да реформасын Макрон алға тартпақ. Бірақ басты күн тәртібінде АҚШ пен Қытай басшыларының кездесуі. Трамп пен Си Цзиньпиннің сауда қақтығысына қатысты ортақ шешімге келу яки келмеуі барша жаһан назарында.