18 қараша күні Гонконгтегі наразылық кезінде полиция “Baptist” университетінің 1-курс студенті қазақстандық Әбілқайыр Нүкпиді ұстаған. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Министрліктің дерегінше, “Гонконгтегі Қазақстан консулы студентке барып қайтқан, жағдайы жақсы. Полиция ұстаған кезде оң қолының саусақтарын аздап жаралап алған. Ешқандай шағымы жоқ”.
СІМ 20 қарашада студенттің ісі бойынша алғашқы тыңдау өткенін, Гонконгтегі Қазақстан елшілігі студентке адвокат іздеп жатқанын хабарлады.
16 қарашада Гонконгтегі баптистер университетіне бекінген наразыларды ұстау үшін полиция кампусқа шабуыл жасаған кезде қазақстандық студентті де ұстап, оның оң қолы жараланған.
Журналист Аарон Мак Николастың жазуынша, Қазақстан елшілігінің араласуына қарамастан Гонконг соты студентті “кепілмен босатудан бас тартып, сот тыңдауын қаңтар айына белгілеген”.
A 19-year-old Baptist University student from Kazakhstan was among those arrested on Sunday night on suspicion of possessing a Molotov cocktail
He was refused bail today pending a further hearing in January, despite an intervention by the Kazakh consulate https://t.co/9Gs6pJiglf
— Aaron Mc Nicholas (@aaronMCN) November 20, 2019
Соңғы бес айдан бері жалғасып жатқан наразылық шарасында Гонконг жұрты биліктен демократияға бастар нақты қадамдар талап етеді. Наразылар Қытайдың Гонконгтің ішкі ісіне араласқанына да наразы.