Грузияда “Шетелдік агент” заңына қарсы көтеріліс өтті

0
108
фото: ria.ru

Грузия астанасы Тбилисиде “шетелдік агент” даулы заңына қарсы көтеріліс өтті. Оппозиция ұйымдастырған қозғалыс барысында алаңға жиналғандар парламент ғимаратына басып кірмек болған. Ал, полиция халықты сумен атқылап, көз жасаурататын газ қолданған, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Шетелдік БАҚ-тың хабарауынша Грузия астанасы Тбилисиде 8 наурыз, сәрсенбі күні кешке биліктің шетелдік агенттер туралы даулы заң өткізу ниетіне наразы болған мыңдаған оппозиция жақтастары ел парламенті ғимаратының алдына жиналған. Олар бір күн бұрын бірінші оқылымда тиісті заң жобасын қабылдаған заң шығарушылардың әрекеттеріне наразылық танытып жатыр.

Кешке митингке қатысушылар парламентті қоршап алып, кейбір наразылық білдірушілер ғимаратқа кірмек болып, қақпаны бұзуға тырысқан. Парламент ғимаратының бірінші қабатында бірнеше терезе сынған. Полиция көтерілісшілерге қарсы көз жасауртататын газ қолданып, су атқылаған. Алайда полиция халықты ғимарат алдынан, тіпті алаңнан да қуып жіберген.

“Бірыңғай ұлттық қозғалыс” оппозициялық партиясының төрағасы Леван Кобиашвили шетелдік агенттер туралы заң жобасы басылған қағаз парақтарын көпшілік алдында өртеп жіберіп, жақтастарын күнделікті наразылық акцияларын өткізуге шақырған.

Бірінші оқылымда қабылданған шетелдік агенттер туралы заң жобасы шетелден қаржы алатын барлық заңды және жеке тұлғаларды әлеуметтік тізімге тіркелуге міндеттейді. Бұл ережені бұзғаны үшін бес жылға дейін үлкен айыппұл немесе бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Оппозицияның пікірінше, бұл заң Ресейде болғандай келіспеушілік пен азаматтық белсенділікті басу мақсатында қабылдануда. Олар сондай-ақ бұл демократияға қауіп төндіріп, Грузияның Еуропаға интеграциялануына жол бермейді деп санайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз